Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нормадан жоғары": Синоптиктер ақпан айына арналған ауа райы болжамын жариялады

Опубликовано:

ауа райы
фото: pixabay

"Қазгидромет" ақпан айына арналған ауа райы мәліметін бөлісті. Ұйымның болжамынша, қыстың соңғы айында ауаның орташа температурасы климаттық нормадан 1-2°С жоғары болады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Ақпан айында еліміздің басым бөлігінде ауаның орташа температурасы климаттық нормадан 1-2° жоғары болады, бұл Иран мен Орта Азия аудандарынан жылы ауа массаларының жетуіне байланысты екенін ескертеміз. Еліміздің шығысында Таймыр мен Шығыс Сібір аудандарынан суық антициклонның ықпал етуіне байланысты, ауа температурасы климаттық норма шамасында болады.

Ақпан айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде мөлшерге сай, ал Қазақстанның батысында, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аумақтардың таулы және тау бөктерлі өңірлерінде шамадан көп түседі деп болжануда", - делінген "Қазгидромет" хабарламасында.

Ақпанның бірінші онкүндігінде еліміздің оңтүстігі мен батысында күндізгі ауа температурасы жоғарылайды деп күтілуде.

Бірінші онкүндіктің ортасында еліміздің солтүстігінде және орталығында түнде -10-20°С-тан -5-13°С-қа дейін, күндіз -5-15°С-тан 0,-8°С-қа дейін аяздың әлсіреуі болжанады.

Екінші және үшінші онкүндікте ауа райы тұрақсыз болады деген болжам бар. Атап айтар болсақ, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын, екпінді жел күтілсе, батыста бұрқасын, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.

Жекелеген күндері Шығыс Сібір аудандарындағы суық антициклонның әсерінен температура батыста -22, солтүстікте -35, оңтүстікте -15 градусқа дейін төмендейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953922-normadan-zogary-sinoptikter-aqpan-aiyna-arnalgan-aua-raiy-bolzamyn-zariyalady/

pixel