Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арзан көлік әкеп беремін": Елордада 280 адамның ақшасын қолды қылды деп күдіктелген азамат ұсталды

Опубликовано:

Алматы қаласы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеу салынған "Nur-AvtoKz" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасарын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Басылым мәліметінше, 2021 жылдың қыркүйегінен бастап полицияға 280 тұрғын шағым түсірген. Олар қомақты қаржыдан айырылғандарын жеткізіпті.

"Компания басшылығы нарықтағыдан арзан бағамен 45 жұмыс күні ішінде автокөлік әкеліп береміз деп шарт жасасқаны анықталды. Ақшалай қаражатты сатып алушылар жауапкершілігі шектеулік серіктестіктің кассасына төлеген. Клиенттерге келген ірі көлемдегі материалдық шығын 3 миллиард теңгеден асады", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының тәртіп сақшылары алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

"Сотқа дейінгі тергеу барысында алаяқтық жасады деген айып тағылған 35 жастағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің директоры 2021 жылдың қазанынан тергеу органдарынан қашып, оған іздеу салынған болатын. Оған қатысты тергеу сотының шешімімен "қамауға алу" бұлтартпау шарасы қолданылды", - делінген хабарламада.

Күдікті қамауға алынып, Ақтау қаласындағы уақытша изоляторына қамалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953925-arzan-kolik-akep-beremin-280-adamnyn-aqsasyn-zoq-qylgan-kudikti-elordada-ustaldy/

pixel