Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да қарамағындағылардан ақша жинаған балабақша басшысы жұмыстан қуылды

Опубликовано:

Ойыншықтар
Көрнекі фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысында еңбек ұжымынан ақша жинаған балабақша басшысы жұмыстан қуылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Балабақша меңгерушісі ақшаны мемлекеттік аттестация өткізу үшін жиған.

"Өтініш Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдары педагогтарының педагогикалық этика және құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органның отырысында қаралды. Ақша жинау фактісі расталды",- делінген хабарламада.

Нәтижесінде мектепке дейінгі білім беру мекемесінің басшысы жұмыстан қуылды.

Комитет пен оның аумақтық органдарына түрлі ұжымдардағы алым-салық туралы жасырын шағымдар келіп түсуде.

Мәселен, Түркістандағы 1414 call-орталығына қаладағы мектептердің бірінде мұғалімдерден мемлекеттік аттестация өткізу үшін ақша жинағаны туралы анонимді хабарлама түскен.

"Әрбір жағдай бойынша комитет Білім және ғылым саласындағы бақылау департаментімен және білім басқармасының жергілікті органдарымен бірлесіп бірқатар тиісті іс-шаралар өткізеді", - делінген БҒМ хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953944-sqo-da-qaramagyndagylardan-aqsa-zinagan-balabaqsa-bassysy-zumystan-quyldy/

pixel