Алматы облысында 40 тонналық контейнер ұрлады деген күдікпен тұрғын ұсталды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ/Третьяков

Алматы облысында 40 тонналық контейнерді ұрлады деген күдікке ілінген 37 жастағы тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұрлық фактісі Іле ауданы Ащыбұлақ ауылында тіркелген.

Жедел-іздестіру кезінде аумақтық полиция басқармасының қызметкерлері Алматы қаласының 37 жастағы тұрғынын ұстады. Ол 40 тонналық контейнерді ұрлады деп күдікке ілініп отыр.

Тәртіп сақшыларының сөзінше, ер адамды іздестіруге бір күн кеткен.

Қолға түскен күдікті полицияға жеткізілгеннен кейін кінәсін мойындап, аталған қылмысты қалай жасағанын айтып берген.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-бөлігі бойынша іс қозғалып жатыр.

Полиция жәбірленушіге келтірілген шығын бір миллион теңгені құрағанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953963-40-tonnalyq-konteiner-urlagan-almatylyq-azamat-adam-sengisiz-qylmysqa-bardy/