Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"43 мың оқушы жұқтырды": Еліміздің мектептерінде КВИ-мен ауыру жағдайы көбейді

Опубликовано:

сынып бөлмесі
Көрнекі фото: Алматы қаласы әкімдігіның баспасөз қызметі

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният үкіметтің онлайн отырысында елімізде коронавирус инфекциясы мектеп оқушыларының арасында жоғары деңгейде таралып жатқанын мәлім етті. Ведомство басшысының сөзінше, қаңтардың ортасынан бастап 43 мыңнан астам мектеп жасындағы бала COVID-19 жұқтырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, соңғы бір аптада мектеп оқушыларының арасында КВИ-мен ауырғандар 1,3 есеге артқан.

Мектеп оқушылары арасында 43 549 жұқтыру жағдайы тіркелген, олармен байланыста болған 223 мың адам анықталды, олардың 1 702 мектеп оқушысы ауырған.

"КВИ-мен ауырғандардың жалпы санының 10%-дан астамы Түркістан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларының мектеп оқушыларынан байқалады", - дейді Ажар Ғиният.

Министр елімізде оқытудың офлайн форматына көшуімен байланысты, жастар арасында вирустың "омикрон" штамын жұқтыру деңгейі расталғанын ескере отырып, әкімдерден санитарлық-дезинфекциялық талаптарды, бетперде режимін, сыныпты толтыру ережелерін және КВИ-дің таралуын алдын алу бойынша белгіленген басқа да шараларды қамтамасыз етуді сұрады.

Сондай-ақ, Ажар Ғиният ата-аналарды 12 жастан асқан балаларын вакциналауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953966-43-myn-oqusy-zuqtyrdy-elimizdin-mektepterinde-kvi-men-auyru-zagdaiy-kobeidi/

pixel