Қарағандылық әйел күйеу баласының ақшасын заңсыз иемденіп, пәтер алды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қарағандылық тұрғын күйеу баласының ақшасын заңсыз иемденіп, пәтер сатып алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Құзырлы органның мәліметінше, 25 қаңтар күні Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне 39 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу 1,9 млн теңге ақшасын қолды қылғанын айтқан.

Белгілі болғандай жәбірленуші қомақты ақшасын 60 жастағы қайын енесіне сақтап қоюға берген.

Алайда әйел белгісіз біреу үйіне ұрлыққа түсіп, ақшаны жымқырып кеткенін айтқан.

Алдын ала тергеу жұмыстары, сондай-ақ қылмысты ашу бойынша жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері ақшаны жәбірленушінің қайын енесінің өзі жұмсап жібергенін анықтаған.

Полицияның дерегінше, 60 жастағы азаматша бұл ақшаға пәтер сатып алған.

Қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабына сәйкес іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954010-qaragandylyq-aiel-kuieu-balasynyn-aqsasyn-zansyz-iemdenip-pater-aldy-degen-kudikke-ilindi/