"Балаларына қыруар ақша қарыз": Екібастұз тұрғынын бұрынғы әйелдері сотқа берді

Опубликовано:

сотт
Көрнекі фото: pixabay.com

Екібастұз қаласының тұрғыны кәмелетке толмаған балаларына алимент төлеуден жалтарып, 5 миллион теңгеден аса қарыз болып қалған деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам бұрын екі рет некеде болған, әр некеден кәмелетке толмаған балалары бар, бірақ оларға алимент төлемеген.

"Сот орындаушысына бұрынғы әйелдері жүгінді. Ер адам өзінің кәмелетке толмаған балаларына 5 миллион теңгеден астам қарыз. Учаскелік инспектор алимент төлемейтін әкенің орналасқан жерін анықтады, оған қатысты екі әкімшілік іс қозғалды", - деп атап өтті Екібастұз қаласы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Төлеген Құдайбергенов.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша Екібастұз қаласының мамандандырылған сотының қаулысымен кәмелетке толмаған балалардың 38 жастағы әкесі кінәлі деп танылып, екі сот актісі бойынша 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Құқық бұзушыға алименттерді төлемеген жағдайда қылмыстық қудалау мәселесі қаралатыны туралы ескертілді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954120-balalaryna-qyruar-aqsa-qaryz-ekibastuz-turgynyn-buryngy-aielderi-sotqa-berdi/