jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Ауруханада жатқанына бірнеше ай болған 2 жасар баланың әжесі табылды

Ойыншықтар
Көрнекі фото: pixabay.com

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері Алматы ауруханасында бірнеше айдан бері жатқан екі жасар бүлдіршіннің туған әжесін тапты. Бұған дейін алматылық тәртіп сақшылары баланың туыстары мен жақындарына іздеу салған болатын, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, баланың әжесі Меркі ауылының 58 жастағы тұрғыны болып шыққан. Мұндай деректі Жамбыл облысының полиция департаменті жариялаған. Енді бүлдіршіннің болашағын қамқоршылық органдары шешетін болады.

Себебі, баланы ешкім іздеп келмегендіктен құжатын дайын болған соң балалар үйіне орналастыру жоспарланып отырған еді.

Еске сала кетсек, полиция екі жасар сәби мен әкесін өткен жылдың 22 қыркүйегінде Алматыдағы Саин көшесі мен Райымбек даңғылының қиылысында байқап қалған.

Бала күннің суығында жеңіл жаздық киім киіп алғандықтан және оның жанында күдік тудырған әкесі болғандықтан оларға тәртіп сақшыларының бірден назары түскен.

"Сыртқы келбетінен оның (әкесінің - ред.) тұрғылықты мекенжайы жоқ екені көрініп тұрды. Алғашқы іс-шаралар кезінде оның Жамбыл облысынан біздің қаламызға жұмыс істеуге келгені анықталды. Алайда жұмысқа тұра алмаған және кішкентай баламен көшеде өмір сүрген", - дейді Алматы қаласы полция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Осылайша, полиция қызметкерлері баланы ауруханаға әкеліп, тексеруден өткізген. Содан бері бүлдіршін ауруханада жүр.

Сәби медициналық мекемеде болған кезде 36 жастағы әкесі құжаттарын жасап, баспана табуға уәде берген. Ара-тұра ауруханаға ұлын көріп кетуге келіп отырған, бірақ алып кетпеген.

Ауруханада жатқанына бірнеше ай болған 2 жасар баланың әжесі табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.