Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК: Қазақстан аумағынан 311 млн теңгеден астам ақша алып шықпақшы болғандар ұсталды

Опубликовано:

Ақша
Фото: ҚР ҰҚК

Шекарашылар ірі көлемдегі ақша қаражатын заңсыз шығару фактілерінің жолын кесті. Бұл туралы ақпаратты ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі таратты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Комитет ұсынған ақпаратқа сәйкес, 24-31 қаңтар аралығында шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері шетелге ақша қаражатын заңсыз шығару әрекеттерінің алдын алған.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, Ақтау, Өскемен қалаларында жалпы сомасы 311,5 млн теңге болатын декларацияланбаған шетел валютасын алып шығудың 24 фактісін анықталған.

Материалдар мемлекеттік кірістер және экономикалық қылмыстарды тергеу органдарына берілген.

Осы орайда ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан аумағынан тыс жерлерге шығатын азаматтарға қомақты ақшаны (он мың доллардан астам) алып шығу кезінде заң талаптарын сақтау және декларациялау қажеттігін еске салады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954273-uqk-qazaqstan-aumagynan-311-mln-tengeden-astam-aqsa-alyp-syqpaqsy-bolgandar-ustaldy/

pixel