Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында шенеунікке 4,8 млн теңге айыппұл салынды

Жарияланған күні:

пара1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Павлодар облысы көліктік бақылау инспекциясының 46 жастағы жетекші маманы кәсіпкерден 160 мың теңге алған. Бұл ақшаға шенеунік ауыр жүк көліктерінің кедергісіз жүруіне уәде беріпті. Бизнесмен мұндай мәмілеге келіспей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгінген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі №2 Павлодар қалалық сотының үкіміне сілтеме жасап.

Үкімде көліктік бақылау инспекциясының маманы ЖШС директорымен 2021 жылдың сәуірінде танысқаны және оған бірден бақылау пункті арқылы тыныш жол жүру үшін әрбір көлікке 10 мың теңгеден төлеуді ұсынғаны көрсетілген.

Бірнеше айдан кейін кәсіпкер инертті материалдарды жеткізуде қиындықтарға тап болады. Осылайша ол ауыр жүк көліктерінің жүргізушілерін іздей бастаған, бірақ олар бас тартады.

"Іздеу барысында тасымалдаушылар оған КБИ қызметкерлерінен кедергісіз жүру туралы рұқсаттанамасыз өз қызметтерін көрсетуден бас тартқан. Осыған байланысты кәсіпкер кеңес алу үшін көліктік бақылау инспекциясының маманына жүгінуді шешкен", - делінген Павлодар қалалық №2 сотының үкімінде.

Сөйлесу барысында шенеунік қайта ақша сұрай бастайды. Кәсіпкер бастапқыда ойлануды, кейінірек сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгінуді жөн көрген.

Көліктік бақылау инспекциясының маманы екі үлкен жүк көлігінің кедергісіз жүргені үшін 160 мың теңге сомасын айтты.

Пара беру кезінде ер адам ұсталды. Сотта шенеунік өз кінәсін жоққа шығарған жоқ. Тек өзін бас бостандығынан айырмауды өтінді. Оған 4,8 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954283-pavlodar-oblysynda-seneunikke-48-mln-tenge-aiyppul-salyndy/