Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үйінде жалғыз қалған оқушыны зорлаған Ақтөбе тұрғыны қандай жазаға тартылды

Опубликовано:

Көрнекі фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелет жасқа толмаған балаға сексуалдық зорлық көрсеткен айыпталушыға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқушы қызды зорлады деп айыпталған ер адам соттың үкімімен 22 жылға сотталды. Сонымен қатар, оның бостандыққа шықаннан кейін де балалармен жұмыс жасауына тыйым салынды.

Белгілі болғандай, іс жабық қаралған.

Сотталушы қылмыстық кодекстің екі бірдей бабымен: жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағаны үшін ( Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігімен) және қамақтан қашқаны үшін (Қылмыстық кодекстің 426-бабының 1-бөлігімен) айыпталғаны белгілі.

Ер адам өзіне тағылған айып бойынша кінәсін толығымен мойындап, өкініш білдіретінін айтты.

"Сотталушының кінәсі кәмелет жасқа толмаған жас баланың жауаптарымен, куәлардың берген айғақтарымен, сот сараптама қорытындыларымен және іс бойынша басқа да дәлелдемелердің жиынтығымен дәлелденді. Жазаны тағайындау кезінде, сот ер адамның бұрын ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін сотталғанын және кәмелет жасына толмаған жас балаға қатысты жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілігін ескерді", - деп хабарлайды Ақтөбе облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ

Айта кетейік, жантүршігерлік оқиға өткен жылдың күз айында тіркелген. Ер адам жасөспірімнің үйде жалғыз отырғанын пайдаланып, есікті алдап ашқызған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954288-uiinde-zalgyz-qalgan-oqusyny-zorlagan-aqtobe-turgyny-qandai-zazaga-tartyldy/

pixel