jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Аймағамбетов биыл ҰБТ тапсыру процедурасы қалай өзгеретінін айтты

Фото
Көрнекі фото: Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомствоның аппараттық жиналысында биыл ҰБТ тапсыру процедурасы қалай өзгеретінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Аймағамбетовтың хабарлауынша, биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу өткен жылғыдай электрондық форматта өтетін болады.

"Ең маңызды мәселелердің бірі – процедураның ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету. Біздің осы екі міндетті қамтамасыз етуіміз маңызды. Орталық жетекшісі (Ұлттық тестілеу орталығы - ред.) биыл бір жағынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, екінші жағынан тестілеудің ашықтығы мен әділдігі үшін жаңа элементтер енгізіліп жатқанын айтты.

Жаңашылдықтардың бірі - бұл қосымша камералардың орнатылуы. Егер бұған дейін бір камера болса, енді жеке сәйкестендірумен айналысатын және белгілі бір уақыттан кейін компьютерде кімнің отырғанын жазып алатын екінші камера орнатылады.

Бұл тестілеуді кімнің бастап, аяқтағанын және тестілеу кезінде компьютер алдында бір адамның ғана отырғанын білуіміз үшін қажет", - деді министр.

Аймағамбетовтың пікірінше, бұл жаңашылдықтар ҰБТ-ның әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мәселесін шешеді.

Аймағамбетов биыл ҰБТ тапсыру процедурасы қалай өзгеретінін айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.