Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

4 ақпанда Алматыда қар жауады деп күтілуде

Жарияланған күні:

Қар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ертең, 4 ақпанда Алматыда қар жауып, тұман түсіп, салдарынан жолдың көрінуі нашарлауы мүмкін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, Алматы мен Шымкентте алдағы үш күнде жауын-шашын күтілуде.

Сондай-ақ, 4 ақпанда Алматыда аздаған қар жаууы мүмкін.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері еліміздің үш мегаполисіндегі ауа райы келесідей болмақ:

Алматы

  • 4 ақпанда көшпелі бұлт шығып, түнде аздаған қар жауады, тұман күтіледі. Желдің күші 0-5 м/с дейін жетеді. Түнде 5-7 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы болады;
  • 5 ақпанда көшпелі бұлт шығып, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Желдің күші 0-5 м/с дейін жетеді. Түнде 5-7 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы болады;
  • 6 ақпанда көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауады. Желдің күші 3-8 м/с дейін жетеді. Түнде 2-4 градус аяз, күндіз 3-5 градус жылы болмақ.

Нұр-Сұлтан

  • 4 ақпанда күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Желдің күші 2-7 м/с дейін жетеді. Түнде 16-18 градус, күндіз 6-8 градус аяз болады;
  • 5 ақпанда көшпелі бұлт шығып, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Желдің күші 3-8 м/с дейін жетеді. Түнде 13-15 градусқа дейін, күндіз 5-7 градусқа дейін аяз болуы ықтимал;
  • 6 ақпанда да көшелі бұлт шығып, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Желдің күші 3-8 м/с дейін жетеді. Түнде 11-13 градус, күндіз 3-5 градус аяз болуы мүмкін.

Шымкент

  • 4 ақпанда көшпелі бұлт шығып, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Желдің күші 5-10 м/с дейін жетеуі ықтимал. Түнде 1-3 градус, күндіз 9-11 градус аяз болуы мүмкін;
  • 5 ақпанда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Түнде тұман түседі. Желдің күші 8-13 м/с дейін жетуі ықтимал. Түнде 0-2 градус аяз, күндіз 10-12 градус жылы болмақ;
  • 6 ақпанда көшпелі бұлт шығып, жаңбыр, қар жауып көктайғақ болуы мүмкін. Желдің күші 8-13 м/с-тан 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал. Түнде 2-4 градус аяз болса, күндіз 5-7 градус жылы болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954488-4-aqpanda-almatyda-qar-zauady-dep-kutilude/