Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қысқы Олимпиада ойындарының ашылуын 4 телеарна тікелей эфирден көрсетеді

Опубликовано:

Олимпиада
Көрнекі фото: olympic.kz

4 ақпанда сағат 18:00-де "Хабар", "Qazaqstan", "Qazsport" және "Elarna" телеарналары XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатын тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қысқы Олимпиададан отандық арналар 220-дан астам трансляция ұсынады.

"Хабар" және "Elarna" эфирінен 90-нан астам, "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналарынан 130 трансляция көрсетіледі.

Одан бөлек, телеарналар әр жарыс күнінің қорытындысы бойынша Олимпиада күнделіктерін ұсынады.

Сонымен бірге, Олимпиада ойындарының телевизиялық трансляцияларын телеарналардың ресми сайты, мобильді қосымшасы мен Youtube каналдарынан көруге болады.

Айта кетейік, байрақты бәсекеде ел намысын 87 жолдама иеленген 34 спортшы қорғайды.

Қазақстандық спортшылар шаңғы жарысы, фристайл акробатика және могул, конькимен жүгіру, шорт-трек, биатлон, тау шаңғысы, тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы сияқты 8 спорт түрінен сынға түседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954491-beizindegi-qysqy-olimpiada-oiyndarynyn-asylu-saltanatyn-qai-telearnadan-koruge-bolady/

pixel