Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мәйіттер 2-3 күн жатқан": Алматы облысында бір жанұяның өліміне қатысты тың дерек шықты

Опубликовано:

Баспана
Көрнекі фото: pexels.com

Алматы облысында түгелдей бір отбасы ыс тиіп қайтыс болды. Қайғылы жағдай Талдықорған қаласының қасындағы Еңбек ауылында тіркелген. Ерлі-зайыпты екі баласымен бірге ақауы бар пештен шыққан газдың иісінен көз жұмғаны белгілі болды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Алматы облысы төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, жас отбасы үй жалдап тұрыпты. Мәйіттер екі-үш күндей жатып қалған. Күйеуі мен әйелі 1998 жылы туған. Ал марқұм болған балалардың үлкені төрт жаста, кенжесі бірге енді толған.

Алдын ала болжам бойынша, олар осыдан екі-үш күн бұрын ыс тиіп қаза тапқан.

"Сот-медициналық сараптамасының қорытындысы шыққан соң нақты себебі белгілі болады. Дегенмен болжам бойынша мұржа бітеліп, улы түтін үйдің ішін жайылған. Тұрғындарды әсіресе қыс мезгілінде қауіпсіздік шарасын сақтауға шақырамыз", - дейді Алматы облысы ТЖД басшысының орынбасары Ерлан Ахашов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954519-almaty-oblysynda-tugeldei-bir-otbasy-ystan-ulanyp-oldi/

pixel