Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі биыл қайта қаралуы мүмкін

Опубликовано:

Фото
Фото: Facebook/Cұңқар Нұрмағамбетов

Қытайда өмір бойына сотталған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушысы Сұңқар Нұрмағамбетов биыл оның ісі қайта қаралуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы қорғаушы өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

"Қазақстанның сотталған азаматтарын беру 2015 жылы Бейжіңде қол қойылған екіжақты келісіммен реттеледі. Мұндай келісім барлық елде жоқ. Бұл факт", - дейді Нұрмағамбетов.

Процедура келесі қадамдардан тұрады:

  • өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын бас бостандығынан айыруға қайта қарау туралы шешім;
  • ҚР Бас прокуратурасына сотталған азаматтарды қайтару туралы өтінішхат жолдау;
  • ҚР Бас прокуратурасының және Сыртқы істер министрлігінің Қытай тарапымен сотталған азаматтарды қайтаруды жүзеге асыру бойынша өзара іс-қимылы.

"Өте маңызды сәт – жаза биыл қайта қаралуы мүмкін. Осыған күш салудамыз. Ең алдымен қазақстандықтарға алғыс айтамын" Бізге қолдау білдіріңіздер!", - дейді Нұрмағамбетов.

Айта кетсек, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Оған шекарадан 4,5 келі есірткіні алып өтпек болды деген айып тағылды.

2015 жылдың маусымында Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сотта Ақжарқын шетелдік досы алдап кеткенін айтып, өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954579-aqzarqyn-turlybaidyn-isi-biyl-qaita-qaraluy-mumkin/

pixel