Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысы полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Опубликовано:

Полиция
Фото: polisia.kz

Президент әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен Атырау облысы полиция департаментінің басшысы болып Нұрхат Оразбаев тағайындалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаментінің жеке құрамына жаңа басшыны Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев және Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов таныстырды.

Нұрхат Кенжебайұлы Оразбаев 1968 жылы Атырау облысында туған. Ішкі істер органдарында 1991 жылдан бастап қызмет атқарады.

Гурьев педагогикалық институтының, Алматы Жоғары тергеу мектебінің, Ресей Федерациясы ІІМ академиясының түлегі.

Аталған қызметке тағайындалғанға дейін Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымын атқарған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қостанай облысы полиция департаментінің басшысы болып Ерлан Омарбеков тағайындалғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954604-atyrau-oblysy-policiya-departamentine-zana-bassy-tagaiyndaldy/

pixel