Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаевқа қатысты сот басталды

Опубликовано:

1
Фото: "Ақ Жайық" басылымы

Жақында №2 қалалық сотта "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу (ҚК 189-бабының 4-тармағы) бойынша айыпталған Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаевқа қатысты қылмыстық іс қарала бастады, деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.

Еске салсақ, ол 2019 жылы ауыл шаруашылығы басқармасының орынбасары болып тұрған кезде Құрманғазы ауданындағы "Бұйырғын" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне 83,7 миллион теңге инвестициялық субсидияны заңсыз төлеген деп айыпталды.

Осыған орай, өткен жылдың күзінде қылмыстық іс қозғалғаны туралы жарияланғаннан кейін қазіргі сотталушы біздің тілшімізді Қылмыстық кодекстің 147-бабы ("Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және ҚР дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу") бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы арызбен полицияға жүгінген еді. Рас, кейін ақылға салып, арызын кері қайтарып алды. 

Сот отырысына судья Ержан Әліпқалиев төрағалық етуде, мемлекеттік айыптаушы ретінде қалалық прокуратураның бөлім басшысы Қуаныш Шунканов, ал зардап шегуші тарап ретінде Атырау облысы әкімінің аппараты қатысып жатыр. Қ.Нұрлыбаевты адвокаттар Ринат Қожантаев, Жәнібек Көбегенов және Болатхан Нұрышкенов, ал осы іс бойынша екінші айыпталушы, "Бұйырғын" құрылтайшысы Нұрлан Бисембаевты, адвокат Қайрат Демесінов қорғайды. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954631-atyrauda-oblys-akiminin-orynbasary-qairat-nurlybaevqa-qatysty-sot-bastaldy/

pixel