Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстандағы жасырын қоймадан қазақстандық автокөлік нөмірі табылды

Опубликовано:

Фото
Фото: Қырғызстан ҰҚК баспасөз қызметі

Қырғызстанның Шу облысында қару-жарақ пен оқ-дәрілер жасырылған қойма табылды. Онда қару-жарақтан бөлек, қазақстандық автокөліктің нөмірі де бар екені анықталған. Қазіргі уақытта тиісті орган қызметкерлері жасырын қойманың кімге тиесілі екенін анықтап жатыр.

Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігінің хабарлауынша, аталған қоймада атыс қаруының бірнеше түрі мен оқ дәрілермен қоса, "*** KNB 13" деген қазақстандық автокөлік нөмірі бар.

Журналистердің хабарлауынша, жасырын жерде:

  • иір ойықты атыс қаруы;
  • Макаров тапаншасы (МТ) шашылған күйінде;
  • Калашников автоматының 5,45 және 7,62 мм калибрлі патрондары мен Макаров тапаншасының 9 мм калибрлі патроны;
  • Қазақстанның мемлекеттік автокөлік нөмірі (***KNB 13);
  • сондай-ақ, жарылыс құрылғыларын қолдан жасауға арналған заттар табылған.

Тілшілердің баяндауынша, Қазақстан ҰҚК баспасөз қызметі бұндай қызметтік автокөлік нөмірінің сериясы елде тіркелмегенін жеткізген.

Журналистер таратқан ақпаратқа сәйкес, алдын ала мәлімет бойынша қару-жарақ пен оқ-дәрілерді қылмыс жасау үшін әзірлеген.

Қазіргі уақытта жасырын қоймаға қатысты барлық ақпарат анықталуда. Сонымен қатар қоймаға қару-жарақты сақтаған адамдарға да іздеу салынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954642-qyrgyzstandagy-zasyryn-qoimadan-qazaqstandyq-avtokolik-nomiri-tabyldy/

pixel