Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-дағы арнайы операция: Ресейден тасымалданған ірі есірткі арнасының жолы кесілді

Опубликовано:

есірткі шқо
Фото: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысының тәртіп сақшылары Семей және Өскемен қалаларына синтетикалық есірткінің ірі партияларын жеткізіп отырған күдіктілерд ұстады деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел шара нәтижесінде 28 және 24 жастағы екі ер адам Семей қаласында қолға түскен.

Тінту кезінде олардан жалпы салмағы 1,5 келіден асатын синтетикалық есірткі тәркіленді.

Алдын ала бағалау бойынша "қара нарықта" тәркіленген есірткінің құны шамамен 30 млн. теңгені құрайды.

Сонымен қатар, олар жалға алған пәтерлерде қылмыстық әрекетті растайтын басқа да дәлелдер, соның ішінде есірткіні өлшеп-орауға және өлшеуге арналған заттар табылды.

Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, "жеткізу арнасы" Ресейден ұйымдастырылған: есірткіні сол елден біздің елге әртүрлі логистикалық көлік компаниялары арқылы жіберіп отырған.

Заңсыз затты жасыру үшін оны автобөлшектерге салып, "посылка" түрінде бергені анықталды.

"Күдіктілердің әрекеттері Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау аса ірі мөлшерде) бойынша сараланады, оның санкциясы 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар өзге де адамдар анықталуда", – деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954671-sqo-dagy-arnaiy-operaciya-reseiden-tasymaldangan-iri-esirtki-arnasynyn-zoly-kesildi/

pixel