Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Радикалды діни ағым ұстанушылары да бар: Елдегі тәртіпсіздіктерден кейін 2750 қылмыстық іс қозғалған

Опубликовано:

Алматыдағы тәртіпсіздіктер
Алматыдағы тәртіпсіздіктер. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бас прокуратураның Бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ОКҚ өткен брифингте елдегі тәртіпсіздіктер кезінде ұсталғандар арасында радикалды діни ағым ұстанушылары да бар екенін мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қилымжановтың хабарлауынша, 4 ақпандағы жағдай бойынша жедел-тергеу топтарының өндірісінде 2 750 қылмыстық іс бар.

"Осы істер бойынша 802 күдікті сот санкциясымен қамауда отыр. Оның 113-і бұрын кісі өлтіргені, ұрлық, тонау және қарақшылық жасағаны үшін сотталған. Радикалды діни ағымдарды ұстанушылар да бар", - деді спикер.

Оның дерегінше, қоғамнан қатаң оқшаулауға байланысты емес бұлтартпау шарасы 91 адамға қолданылған.

"Бұлтартпау шарасын таңдаудың әрбір жағдайында іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілігі, қатысу дәрежесі, күдіктінің жеке басы, оның өкінуі және тергеуге көмектесуі ескеріледі. Мысалы, 11 күдіктіге қатысты прокурорлар бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатты қолдаудан бас тартты.

Қадағалау тәртібімен 103 азамат уақытша ұстау изоляторынан босатылды. Сот 80 күдіктіге қатысты материалдарды зерделеу кезінде бұлтартпау шарасын санкциялаудан бас тартты", - деді Қилымжанов.

Спикердің айтуынша, бұған дейін қолданылған бұлтартпау шарасын жеңілдету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Мәселен, Алматы прокуратурасы 59 күдіктіні қамаудан босатты, Қызылордада 3 адам, Шығыс Қазақстан облысында бір адам босатылды. Оларды қамауға алу ешқайда кетпеу туралы жазбаша қолхатпен ауыстырылған.

Одан бөлек, Қызылорда облысының прокуратурасы соттың санкциясымен тағы үш адамға қатысты қамауда ұстау шарасын үйқамаққа ауыстырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954690-radikaldy-dini-agym-ustanusylary-da-bar-eldegi-tartipsizdikterden-keiin-2750-qylmystyq-is-qozgalgan/

pixel