Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда полиция бастығының орынбасары ұсталды

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: NUR.KZ

ІІМ-нің өзіндік қауіпсіздік департаменті жедел іс-шаралар жүргізу барысында Орал қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасарын пара алу үстінде ұстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ-нің ресми сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 366-бабы (Пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Ішкі істер министрлігі лауазымы мен шеніне қарамастан полицейлер тарапынан пара алу және азаматтардың құқықтарын бұзу фактілерінің жолын кесуді әрі қарай да қатаң түрде жүргізетін болады. Солардың салдарынан Қазақстан халқына адал қызмет етіп жатқан полиция қызметкерлерінің ар-ожданына көлеңке түсірілуде. Қатарымызды тазарту жалғасуда", - деді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ӨҚД бастығы Арман Саданов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954716-oralda-policiya-bastygynyn-orynbasary-ustaldy/

pixel