Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Туысы карантинде той жасаған оралдық шенеунікті қызметінен босату ұсынылды

Опубликовано:

Ербол Арыстанғалиев. Фото
Ербол Арыстанғалиев. Фото: uralskweek.kz

Батыс Қазақстан облысындағы әдеп жөніндегі кеңес Орал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Ербол Арыстанғалиевті қызметінен босатуды ұсынды. Бұған шенеуніктің туысы карантин кезінде той жасағаны себеп болып отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әдеп жөніндегі кеңес отырысында Ербол Арыстанғалиевтің іс-әрекетіне қатысты мәселе талқыланды. Жиын кезінде 2021 жылдың тамыз айында Ербол Арыстанғалиев Зашаған кентінде орналасқан мейрамханада әйелінің інісінің тойын жасағаны белгілі болды.

"Мейрамханаға мониторинг тобының мүшелері, нақтырақ айтқанда Зашаған ауылының әкімі Аққали Әубекеров пен бас маман Жігер Батыров келген кезде Арыстанғалиев оларға тосқауыл болған. Нәтижесінде Әубекеров пен Батыров полиция қызметкерлері мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау тобын шақырмаған", - деді БҚО Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғалым Тұрсынбаев.

Кеңестің алғашқы отырысында қала әкімдігіне Әубекеров пен Батыровқа қатысты қала әкімдігіне олардың өз қызметіне сай еместігін туралы ұсыныс жолдау туралы шешім шығарылды.

ТКШ бөлімі басшысы орынбасарына қатысты шешім екінші отырыста шығарылды.

"Мониторинг тобының мүшелері сол күні жүйе істемей қалғанын және тексерісті сол себепті тіркей алмағанын мәлімдеген. Алайда Зашаған әкімдігінің өкілдері мейрамханаға барып, Арыстанғалиевке ескерту жасаған. Ол болса, қала басшылығына қоңырау шалған. ТКШ бөліміндегі заңбұзушылықтың жалғыз мысалы емес бұл ғана емес. Тағы бір қызметкер кісі өлтіру бабы бойынша сотталған", - деді Әдеп жанындағы кеңес мүшесі Әлия Салиева.

Тәртіптік істі қарау нәтижелері бойынша Ербол Арыстанғалиевті қызметінен босату ұсынылды. Еске салсақ, бұған дейін Зашаған әкімі Аққали Әубекеров мейрамханада оралдық шенеуніктің тойы өтіп жатқанын жасырып қалғаны хабарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954756-tuysy-karantinde-toi-zasagan-oraldyq-seneunikti-qyzmetinen-bosatu-usynyldy/

pixel