Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Соңғы дерек: Қазақстанның қанша өңірі "қызыл" аймақта

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: pexels.com

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

7 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы келесідей:

"қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау, Алматы, Ақтөбе Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары;

"сары" аймақта Жамбыл облысы;

"жасыл" аймақта Шымкент қаласы мен Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау облыстары тұр.

Айта кетейік, Қазақстанда тағы 3653 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Олардың дені Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954850-songy-derek-qazaqstannyn-qansa-oniri-qyzyl-aimaqta/

pixel