jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Алматы полициясы көшеде қарияны ұрып-соққан ер адамды іздеп жатыр

1
Видеодан кадр: instagram.com/kris_p_nursultan_official

Алматы полициясы аялдамада қарияны жуан таяқпен ұрып-соққан азаматты іздеп жатыр. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бейнежазба Instagram желісіндегі kris_p_nursultan_official парақшасында пайда болды. Кадрлардан жас жігіттің аялдамада тұрған қарияға жақындап, оны балағаттап, жуан таяқпен бірнеше рет ұрғанын, артынша көлікке отырып кетіп қалғанын аңғаруға болады.

Жазбаға қарағанда көлік жүргізушісін жол бойында кетіп бара жатқан егде жастағы азамат ызаландырып жіберген. Желі қолданушылары қарияны ұрып-соққан азаматтың жазалануын талап етті.

Оқиғаға қатысты Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов пікір білдірді.

"Кеше, 2022 жылдың 6 ақпанында Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасында БАҚ және әлеуметтік медиа мониторингінің қорытындысы бойынша процессуалдық тексеру басталды. Қазіргі уақытта тергеу басқармасының тергеушілері Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел қолдауымен күдіктіні ұстау шараларын қабылдауда.

Тексеру барысы мен нәтижелері Алматы қалалық полиция департаментінің бақылауына алынды. Құқық бұзушыға қабылданған шаралар қосымша хабарланады",- деп жазды ол Facebook парақшасында.

Алматы полициясы көшеде қарияны ұрып-соққан ер адамды іздеп жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.