Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

300 пайызға дейін табыс: Қаржы пирамидалары қазақстандықтарға қандай уәде берген

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Еліміздің Ішкі істер министрлігі онлайн брифинг кезінде қаржы пирамидалары қазақстандықтарға қандай ірі пайда туралы уәде еткенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Questra World

ІІМ мәліметінше, "Questra World" ЖШС иегерлері салынған сомадан 300 пайызға дейін табыс табуға уәде беріп, салымшыларға виртуалды валютаны пайдаланып, құны 90 000 және 500 000 еуро аралығындағы жалған инвестициялық портфельдерді сатып алуды ұсынған.

Пирамида жасаушылар 100 пайыз көлемінде дивидендтермен қолма-қол ақша төлеуге уәде беріп, салымшыларды тартумен айналысқан. ІІМ тергеген қылмыстық істер қазіргі таңда сотта қаралып жатыр.

Gold Company LTD

Өткен жылы ішкі істер органдары құрамына Қазақстан мен Ресей азаматтары кірген "Gold Company LTD" қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық істі аяқтады. Олар азаматтарға интернеттегі ойдан шығарылған инвестициялық жобалардан жоғары табыс табуға уәде беріп, 9 млрд теңгеден астам ақшаны иемденген.

"Кінәлілердің қылмыстық іс-әрекеттері салдарынан 4 мыңнан астам адамға шығын келді. Қазіргі уақытта іс сотта қаралып жатыр", - деді министрліктен.

Plus Capital

ІІМ хабарлауынша, Маңғыстау облысында жылжымалы және жылжымайтын мүлікті жоғары бағаға сатып аламыз деген желеумен инвесторлар тартқан "Plus Capital" ЖШС басшыларына қатысты сот үкімі шықты.

Айыпталушылардың әрекеті салдарынан 642 азаматқа 3 млрд теңгеден астам шығын келген. Тергеу кезінде 450 көлік құралы, 3 жеке үй мен 1 жер учаскесі бұғатталды. Сот үкімімен кінәлілер 6 жылға бас бостандығынан айырыла отырып, мүлкі тәркіленді.

Home Auto Invest

ІІМ мәліметінше, полицейлер 3 ай ішінде ақшаны бөліп қайтару шартымен жылжымалы және жылжымайтын мүлікті жоғары бағамен сатып аламыз деп қаржы пирамидасын құрған "Home Auto Invest" ЖШС жетекшілерінен құралған қылмыстық топтың жолын кескен.

Аталған қылмыстан 700-ден астам азамат зардап шегіп, оларға 2 млрд теңгеден астам шығын келген. Тергеу барысында 11 пәтер мен 67 көлік бұғатқа қойылды. Іс сотта қаралып жатыр.

Evolution corp

"Evolution corp" ЖШС өкілдеріне қатысты қылмыстық іс аяқталды. Олар 3-6 ай ішінде 100 пайыз сыйақы, сондай-ақ жаңа клиент қосылған кезде 10 пайыз мөлшерінде бонустар алуға уәде беріп, азаматтардан ақша алған.

Салдарынан 2 мыңнан астам жәбірленушіге 3 млрд теңгеден астам шығын келген. Қабылданған шаралардың арқасында 60 көлік, 4 пәтер, 5 жер учаскесі мен 31 жеке үй бұғатқа қойылды. Іс сотта қаралуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954922-300-paiyzga-deiin-tabys-qarzy-piramidalary-qazaqstandyqtarga-qandai-uade-bergen/

pixel