Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызыл кітапқа енген ағаштың 20 тоннасын шекарадан заңсыз алып өтпек болған ер адам ұсталды

Опубликовано:

ЧВПАО
Фото: Жамбыл облысы ПД

Жамбыл облысында 33 жастағы шымкенттік Қызыл кітапқа енген сексеуілдің 20 тоннасын шекарадан шығармақ болған, деп хабарлайды аймақтың полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақпан айының 1-і күні күдікті Қордай ауданының "Қарасу" көлік өткізу бекетінде ұсталған. Күдікті Шымкент қаласының 33 жастағы тұрғыны екені анықталды.

Айта кетерлігі, "Браконьер" жедел алдын алу іс-шарасы кезінде пайдалануға тыйым салынған ағаш түрін заңсыз кесіп, тасымалдаған ер адамды ұстаған.

Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады. Бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 339-бабы 1-тармағы бойынша (сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Күдіктіден 20 тонна сексеуіл тәркіленді. Қазіргі уақытта сот-биологиялық сараптама тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954934-qyzyl-kitapqa-engen-agastyn-20-qabyn-sekaradan-zansyz-alyp-otpek-bolgan-er-adam-ustaldy/

pixel