Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 2000-ға дейін азайды
Опубликовано:

Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалға қатысты деректер жаңарды. Оған сәйкес, өткен тәулікте 2004 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 186
- Алматы қаласы - 445
- Шымкент қаласы - 23
- Ақмола облысы - 118
- Ақтөбе облысы - 32
- Алматы облысы - 127
- Атырау облысы - 23
- Шығыс Қазақстан облысы - 103
- Жамбыл облысы - 13
- Батыс Қазақстан облысы - 43
- Қарағанды облысы - 209
- Қостанай облысы - 175
- Қызылорда облысы - 9
- Маңғыстау облысы - 15
- Павлодар облысы - 250
- Солтүстік Қазақстан облысы - 231
- Түркістан облысы - 2.
Осылайша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 1 276 611-ге жетіп отыр.
Сонымен қатар, өткен тәулікте 9 867 адам аурудан жазылып шыққан.
Қазір елімізде 87 637 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 9 647 пациент стационарда, 77 990 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
437 адамның жағдайы ауыр, 171 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда.
111 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955043-elimizde-bir-taulikte-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-2000-ga-deiin-azaidy/