Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарин митингке шыққандарды қарулы қақтығысқа үгіттеп, видоүндеу жасаған жігіттің кім екенін айтты

Опубликовано:

Ерлан Қарин
Видеодан кадр: Youtube/Qasqa jol

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин қаңтардағы митингке шыққан елді қарулы қақтығысқа үгіттеп, Сириядан видеоүндеу жасаған ер адам туралы "Qasqa Jol" Youtube арнасына берген сұхбатында айтып берді. Оның сөзінше, алдағы уақытта бұл видео жариялануы мүмкін, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ерлан Қариннің айтуынша, Сирияға қашып кеткен азамат 5-6 қаңтарда елдегі радикалды ойды жақтаушыларға видеоүндеу жасаған.

"Алдағы уақытта ол видео жарияланатын шығар. Интернеттің бұғатталуының себебі сол. Себебі үндеуінде ол бәрін қарулы күреске, соғысқа шақырады. Бұл өте қауіпті жағдай болды. Егер қолдау тауып кетсе, жағдай қандай сценарийде өрбитінін айту қиын еді", - деді Ерлан Қарин сұхбатында.

Мемлекеттік хатшы үндеу жасаған жігіттің 2011-2012 жылдары еліміздегі лаңкестік әрекеттерге қатысы бар ұйымның өкілі екенін атап өтті.

"Бұл ұйым 2011 жылы Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында құрылған. Кейін шетелдік арнаулы қызметтердің әрекеттерінің нәтижесінде талқандалған еді. Ең бірінші акциясы Қазақстанда жасалды. Осы топқа қатысы бар адам 2012 жылы Еуропада да террористік акция ұйымдастырды.

Жалпы, топтың басшылығында 5 адам болса, оның екеуі еуропалық, үшеуі қазақстандық азамат еді. Бір азамат 2014 жылы Пәкістанда ұсталып, елге жеткізіліп 20 жылға сотталды. Екіншісі, 2017 жылы Ауғанстанда қолға түсіп, 2018 жылы елге қайтарылды.

Мен екеуімен де колонияда кездесіп, сұхбат жүргізгенмін. Үшіншісі сытылып, Сирияға қашып кеткен. Ал еуропалық екі азаматтың бірін американдық барлау қызметтері 2012 жылы Ауғанстанда , екіншісін 2014 жылы Сирияда дронмен атып өлтірді. Қаңтарда видеоүндеуді Сирияға қашқан қазақстандық азамат жасады", - деп түсіндірді мемлекеттік хатшы.

Сондай-ақ Қарин 2016 жылы Ақтөбедегі террористік актілердің сценарийі мен Алматыдағы стратегиялық нысандарды басып алу әрекеттері өте ұқсас екенін алға тартып отыр. Ол кезде лаңкестер халықаралық террористік ұйым өкілінінің аудиоүндеуі арқылы шабуылдар ұйымдастырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955184-qarin-mitingke-syqqandardy-qaruly-qaqtygysqa-ugittep-vidoundeu-zasagan-zigittin-kim-ekenin-aitty/

pixel