Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

28 жыл бойы анасын іздеп келген қазақстандық оны Шымкенттегі түрмеден тапты

Опубликовано:

Фото
Фото: Отырар телеарнасы

Туған анасын 28 жыл бойы іздеген қазақстандық азамат оны Шымкенттегі 167/4 қатаң режимдегі колониядан тауып алған. Қазір әйелдің жасы 50-де, ол өмірінің басым бөлігін темір тордың ар жағында өткізген, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Сотталушы абайсызда екі адам өлтіргені және есірткі сатқаны үшін сотталған. Әйелдің түрмеден шығуына бір жыл қалған. Енді оны бостандықта кішкентай күнінен анасын көрмеген ұлы күтіп отыр.

"Мен бір жігітті жақсы көріп қалып, үйлендік, содан кейін балалы болдық. Мені де, күйеуімді де түрмеге жапты. Мені адам өлтіргенім үшін. Мен сол кезде базарда сауда жасайтынмын, маған шабуыл жасалған соң өлтірдім. Бұл өзін-өзі қорғау еді. 5 жыл түрмеде отырдым. Ұлымның тағдыры туралы ешнәрсе білмедім", - деді сотталушы.

Бостандыққа шыққаннан кейін оны баласына жақындатпаған, кейінірек, тағы кісі өлтіргені үшін сотталған.

Есейген баласы анасын іздей бастаған. Алайда еш нәтиже болмапты. Бұған сотталушының өтінішінен кейін түзеу мекемесінің қызметкерлері көмектескен.

"Иә, мен жолы болмаған анамын, бірақ ұлымды ешқашан ұмытпағанмын. Қызметкерлер нөмірін тапты, мен оған хабарласып, іздеп жүргенін білдім. Ол үйленген, балалары бар. Мен бақыттымын, мерзімім аяқталған соң оған барамын", - деді әйел.

Ұлы анасын кешірген және оны өзіне алуға дайын. Ал сотталушы түрмеге қайта оралмайтынын айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955202-28-zyl-boiy-anasyn-izdep-kelgen-qazaqstandyq-ony-symkenttegi-turmeden-tapty/

pixel