Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ел астанасы ауысады": Желіде тараған фейк көптің қызу талқысына түсіп жатыр

Опубликовано:

Көрнекі
Фото: pexels.com

Әлеуметтік желіде "мемлекет басшысы ел астанасын Қостанайға көшіретіні туралы мәлімдеді" деген ақпарат тарап жатыр. Алайда stopfake.kz басылымы бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

"Ресми дереккөздерде мұндай ақпарат жоқ. Еліміздегі негізгі басылымдары мұндай хабарламалар жарияламаған. Елорданы көшіру туралы мәлімдеме Ақорда ресми порталында да шықпаған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында бұл туралы жазбаған.
Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің Twitter парақшасында да ел астанасын Қостанайға көшіру туралы жаңалық жоқ. Демек, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан астанасын Қостанайға ауыстыру туралы мәлімдесі - фейк", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955203-el-astanasy-auysady-zelide-taragan-feik-koptin-qyzu-talqysyna-tusip-zatyr/

pixel