Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Досаев Алматы қаласын қалпына келтіру және дамыту туралы айтты

Опубликовано:

Ерболат Досаев.
Фото: government.kz: Twitter

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Алматы әкімі Ерболат Досаев 2022 жылы мегаполис басшылығының алдында тұрған негізгі міндеттері туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"2021 жылдың қорытындысы бойынша ел экономикасындағы Алматының үлесі 18 пайыз. Ел табысындағы қаланың үлесі (23,5%-тен) 25,6%-ке дейін өсті. Өткен жылғы қала экономикасының даму көрсеткіштері жоғары өсу динамикасын көрсетті. Алғаш рет қала экономикасына салынған инвестиция көлемі 1,2 трлн теңгеге жуықтады",- деді әкім.

Сондай-ақ ол халықтың нақты табысының 5%-ға дейін өсуін, ЖӨӨ-нің 4,5%-дан кем емес артуын қамтамасыз ету жоспарланып отырғанын жеткізді.

"Алматы экономикасы құрылымының 80%-ын қызмет көрсету және сауда секторы құрайды. Сондай-ақ ШОБ жаңа жұмыс орындарын ашудың және халықтың табысын арттырудың негізгі көзі. Бүгінгі таңда 10 алматылықтың алтауы осы салада жұмыспен қамтылған. Қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлерді қолдау шараларынан басқа, жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру көзделген. Соның нәтижесінде "Алматы Бизнес-2025" өңірлік бағдарламасына салым сомасын қазіргі 12 млрд теңгеден 20 млрд теңгеге дейін арттыру жоспарда", – деді Ерболат Досаев.

Биыл мегаполисте кемінде 50 мың жұмыс орны, оның ішінде 31 мыңнан астамы бизнес есебінен ашылады. Жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың және ағымдағы бизнесті кеңейтудің негізгі мәселесі – білікті кадрлардың тапшылығы.

Сондықтан нарық сұранысын қанағаттандыру үшін кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс ұлғайтылады.

"2021 жылы азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін жергілікті бюджеттен 11 млрд теңге бөлінді. Бүгінде қала базарларындағы «айналым схемасы» мен "әлеуметтік дүкендер" аясында қаржыландыруды айтарлықтай арттыру қарастырылуда. Шешім ақпан айының соңына дейін қабылданады. Жеткізу орындарына өнімді тікелей жеткізу бойынша 204 келісімшарт, нан, күнбағыс майы және қарақұмық өндірушілерімен белгіленген баға бойынша дүкендерге жеткізу бойынша 19 меморандум жасалды", – деді шаһар басшысы.

Сонымен қатар, ол қаладағы 207 мемлекеттік мектептің барлығы қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтінін тілге тиек етті.

"Білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін біз осы наурыз айында 2 жылдық бағдарламаны қабылдауға ниеттіміз, оны іске асыру нәтижесінде 2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қаланың барлық мектептерінде бейнебақылау камераларын ауыстыру, турникеттер мен дабыл түймелерін орнату мәселелері толық шешілетін болады",- деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955224-dosaev-almaty-qalasyn-qalpyna-keltiru-zane-damytu-turaly-aitty/

pixel