Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Қазақстанның екі өңірі "сары" аймаққа өтті

Опубликовано:

Алматы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті. Оған сәйкес, Алматы мен Ақтөбе облыстары "сары" аймаққа ауысса, Жамбыл өңірі "жасылға" өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

9 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы келесідей:

  • "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары;
  • "сары" аймақта Алматы, Ақтөбе, Атырау облыстары;
  • "жасыл" аймақта Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары тұр.

Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте 3231 адамнан коронавирус анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955273-koronavirus-qazaqstannyn-eki-oniri-sary-aimaqqa-otti/

pixel