Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полиция: Таразда ұрланған қару-жарақты қылмыскерлер зираттарға жасырған (видео)

Опубликовано:

Қару
Видеодан кадр: Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

Бір аптаның ішінде Таразда ұрланған 15 қару-жарақ табылды. Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Таразда жоғалған атыс қаруын іздеу жұмыстары жалғасуда. Полицейлер ұлттық ұлан сарбаздарымен бірге қараусыз қалған нысандар - жертөлелерді, құрылыс алаңдарын, шағын аудандардағы шатырларды тексереді.

"Қылмыскерлер ұрланған қаруды тіпті қалалық зираттағы бейіттерге де жасырған", - деп атап өтті Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.

Іздестіру жұмыстарына қызметтік иттер де жұмылдырылған, олар иіс сезу қабілетінің арқасында тәртіп сақшыларына қару мен оқ-дәрілерді тез табуға көмектеседі.

Осылайша бір аптаның ішінде қаладан 15 қару табылған.

Атап айтқанда, үш Калашников автоматы, алты аңшы мылтығы, үш Макаров тапаншасы, үш травматикалық тапанша және 1000-ға жуық түрлі калибрлі патрондар.

Барлық қарулар сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді.

Бұған дейін де Тараздағы қақтығыс кезінде полиция көліктерін өртеген күдіктінің ұсталғаны хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955279-policiya-tarazda-urlangan-qaru-zaraqty-qylmyskerler-zirattarga-zasyrgan-video/

pixel