Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Той жасауға ақша керек": "Қазақстан халқына" қорына қандай өтініштер түскен

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Qazaqstanhalqyna.kz сайты іске қосылғаннан бері ел тұрғындарынан қорға 13 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Олардың арасында той жасауға, үй алуға және несиесін төлеуге көмек сұрағандар бар, деп хабарлайды Қазақпарат.

Бүгінде қорда 115 миллиард теңгеден астам қаражат жинақталған.

Белгілі болғандай, сайт пен әлеуметтік желідегі мессенджерлерге үй, көлік сатып алу, несие және басқа да қаржылық займдар бойынша міндеттемелерді төлеу, отбасылық іс-шаралар мен мерекелік шаралардың қаражатын өтеу туралы өтініштер әлі де түсіп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін қамқоршылық кеңесі "Қазақстан халқы" қорының негізгі міндеттерін көрсететін тұжырымдаманы бекіткен еді.

  • Құжатқа сәйкес, қордың қызметі болашақта аурулардың және мүгедектіктің ықтимал дамуын болдырмау мақсатында сәбилерге медициналық қызмет көрсетуді дамытуға және оның қолжетімділігін арттыруға жәрдемдесуге, спорт және білім беру инфрақұрылымы, сондай-ақ балаларға арналған басқа да әлеуметтік маңызы бар қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
  • Қор мүгедек, науқас немесе әлеуметтік бейімделу проблемалары бар баланы асырап алған, қорғаншылық немесе патронаттық тәрбиені ұйымдастырған отбасыларға көмек көрсетумен және аз қамтылған отбасылардағы балаларға көмек көрсету үшін мектептермен өзара іс-қимыл жасаумен айналысады.
  • Тізімге Қазақстанның аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау немесе адамдардың өмірін сақтап қалу және зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету кезінде қайтыс болған немесе ауыр жарақат алған құқық қорғау органдары, арнайы органдар, ҰҚК қызметкерлерінің отбасыларына, әскери қызметшілеріне, төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен адамдарға қолдау көрсету кіреді.

"Қазақстан халқына" қорының ресми өкілі Әлібек Әбділов бұған қатысты түсініктеме бере кетті.

Оның сөзінше, бұл қызмет бағыттарын қамқоршылық кеңес бекіткен.

"Басқа салалар қор қызметіндегі басым бағыттарға жатпайды. Сондай-ақ, біз азаматтардың қаржылық проблемалары болуы мүмкін екенін түсінеміз. Алайда бұл мәселелердің барлығын Қор шеше алмайды. Сондықтан тұжырымдамада көрсетілген қызмет бағыттарын мұқият оқып шығуыңызды сұраймыз", - деді Әлібек Әбділов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955306-toi-zasauga-aqsa-kerek-qazaqstan-xalqyna-qorynan-qandai-otinister-tusken/

pixel