Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе әкімдігін басып алу кезінде күштік құрылым қызметкерінен қару тартып алды деген күдікпен ер адам ұсталды

Опубликовано:

Күдікті
Видеодан кадр: ІІМ

Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимаратын заңсыз басып алу кезінде мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерінен қару ұрлады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 8 қаңтар күні шамамен сағат 22:55-те 102 нөміріне қоңырау түскен.

Хабарламада 5 қаңтар күні кешкі сағат 18.00 шамасында Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимаратын заңсыз басып алу кезінде тәртіпсіздікті пайдаланып, наразылық білдірушілер Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы қызметкерінің мойнынан бес патроны бар 12 калибрлі "Штурм-001" бес зарядты қызметтік қаруды шешіп алғаны айтылған.

Бұл факті Қылмыстық кодекстің 291-бабы 1-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу) бойынша тіркелген.

12 қаңтарда полиция қызметкерлері 30 жастағы күдіктіні ұстаған. Ер адамның кінәсі оқиға орнындағы видеожазбалар арқылы дәлелденген. Күдіктіден қару мен патрондар тәркіленген және осы бойынша сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалған.

Одан бөлек, күдіктінің үйіне тінту жүргізіліп, ерлерге арналған берцтың 1 данасы, ерлерге арналған жасыл бас киім, жасыл комбинезон, дүкеннен алынған оқ өтпейтін қара кеудеше, кісендер мен резеңке таяқ табылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955346-aqtobe-akimdigin-basyp-alu-kezinde-kustik-qurylym-qyzmetkerinen-qaru-tartyp-aldy-degen-kudikpen-er-adam-ustaldy/

pixel