Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тараздықтар мембағдарламамен салынған үйдің бір жылға жетпей бүлініп жатқанына күйінді

Опубликовано:

Баспана
Видеодан кадр: Астана телеарнасы

Таразда тұрғындар мемлекеттік бағдарламамен бой көтерген тұрғын үйдің бір жылға жетпей бүлініп жатқанын айтып, шағымданды, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, қала билігі "Ұлы дала" атауын беруді ұсынып жүрген шағын ауданға халық "Айдала" деп ат қойып алған.

Тұрғындардың айтуынша, бұл жердегі "Нұрлы жер" бағдарламасымен бой көтерген баспаналардың сапасы сын көтермейді. Мәселен, жаңа көпқабатты үйдің бірінің іргетасы жылға жетпей жарыла бастаған.

"Үй құлайын деп тұр уже. Бұл жерде қаншама халық бар. 80 үй бар 80 үйде неше адам бар. Ертең құласа кім жауап береді бұған", - дейді тұрғын Нұрбол Манапов.

Қабырғасы сөгілге бастаған үйдің қасындағы, тағы бір көп қабатты нысанның тұрғындары осыдан үш ай бұрын пәтерлерінің кілтін алған екен. Бірақ олар өз үйлеріне кіре алмай жүргенін айтады. Себебі, коммуналдық желілер әлі күнге дейін іске қосылмаған көрінеді.  

"Әлі құжат та өткізбеген. "Кім жауапты?" десең ешкім білмейді. Біз далада сандалып жүргенімізге 3 ай болды. Жарық келе ме, келмей ме, ешкім ешнәрсе айтпайды", - дейді тұрғын Ақбілек Сұлтанова.

"Бір келгенімізде электриктер жүрген. Сенбі күні келдік, ертең міне дүйсенбі қосамыз деді. Сол дүйсенбінің екі-үшеуі өтті. 3 апта өтті әлі жоқ", - дейді тағы бір тұрғын Нұрила Бекберген.

Ал жауаптылар құрылысты қабылдап алғанда мұндай ақаулар болмағанын жеткізді. Бірақ, тұрғын үйді салған мердігердің кепілдеме уақыты барын, сондықтан барлығын қалыпқа келтіретіндерін атап өтті.

"Кепілдеме уақыты бес жыл. Соның аясында мердігер мекеме барлық кем-кетіктерін дұрыстап береді. 997 үйдің жағдайына келетін болсақ, бүгінгі таңда жертөлесіне дейін ыстық су мен салқын су келіп тұр. Тұрғындардың толық қоныстанбауына байланысты әлі қосқан жоқпыз", - дейді Тараз қалалық құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Шыңғыс Әлиасқар.

Материал авторы: Б. Жұмабайұлы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955438-qulaiyn-dep-tur-tarazdyqtar-membagdarlamamen-salyngan-uilerdin-bir-zylga-zetpei-bulinip-zatqanyna-kuiindi/

pixel