Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны қайта өсті

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 329 адам тіркелді, деп хабарлайды Coronavirus2020.kz Telegram каналы.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 305
  • Алматы қаласы - 938
  • Шымкент қаласы - 37
  • Ақмола облысы - 250
  • Ақтөбе облысы - 60
  • Алматы облысы - 221
  • Атырау облысы - 32
  • Шығыс Қазақстан облысы - 157
  • Жамбыл облысы - 65
  • Батыс Қазақстан облысы - 126
  • Қарағанды облысы - 310
  • Қостанай облысы - 250
  • Қызылорда облысы - 32
  • Маңғыстау облысы - 15
  • Павлодар облысы - 285
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 236
  • Түркістан облысы - 10.

Осылайша, жалпы ел бойынша COVID-19 жұқтырғандар саны 1 283 171-ге жетіп отыр.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 9 334 адам коронавирустан жазылып шыққан.

10 ақпандағы мәлімет бойынша 73 160 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 8 509 пациент стационарда, 64 561 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Жалпы, 387 адамның жағдайы ауыр, 157 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. Тағы 101 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Айта кетсек, 9 ақпандағы мәлімет бойынша елімізде бір тәулік ішінде 3 231 адамнан коронавирус анықталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955440-bir-taulikte-tagy-3329-adamnan-covid-19-anyqtaldy/

pixel