Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бойы өзінен аласа жігітке сүйіп қосылған ақтөбелік ару көпті мазалаған сұраққа жауап берді (видео)

Опубликовано:

Ғалымжан Гүлзат
Фото: Instagram/auyezbekova__g

Жақында ақтөбелік отбасылық жұп - Ғалымжан мен Гүлзаттың үйлену тойында түсірілген фотолар мен видеолар көптің талқысына түскен болатын. Әлеуметтік желіде өзінен бойы әлдеқайда қысқа жігітке сүйіп қосылған Гүлзатқа түрлі пікірлер айтылды. Осы орайда ақтөбелік ару тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызына сұхбат беріп, көпшілікті мазалаған сұрақтарға жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ғалымжан мен Гүлзаттың үйлену тойы былтыр күзде болған. Жас жұптың бірге түскен суреттері мен видеолары жақында желіде көптеп тарала бастады. Осыдан соң оларға түрлі пікірлер келіп түскен.

Көпшілік бойына қарамастан өзіне Ғалымжанды серік еткен Гүлзатты қолдаған. Алайда қыздың таңдауын түсінбегендер де жетерлік. Осыған қатысты белгілі тележүргізуші Ләйла Сұлтанқызы "желіде Гүлзатқа буллинг жасады" деген пікірін жеткізді.

"Былтыр болған үйлену тойында түсірілген фото-видеоларды жариялаған соң, олар көптің талқысына түсті. Осы орайда Гүлзатты "буллингтің құрбаны" десек болатын шығар. Себебі көп адам Гүлзаттың жеке басына өтіп, сын айта бастады. Яғни, "ол неге екі-үш жас үлкен жігіттің бойына қарамады, басқа жігіт таппай қалдың ба?" деген сияқты пікірлерді оқыған кезде Гүлзаттың (сынды - ред.) қалай көтергенін білмеймін. Сенікі - үлкен ерлік", - деп қолдау білдірді тележүргізуші жас келінге.

Ләйла Сұлтанқызы сондай-ақ, сұхбат барысында жас жұбайлардан өздеріне қарата айтылған жағымсыз пікірлерді қалай қабылдағанын сұрады. Олар өздеріне келіп түсетін пікірлердің ішінде ең жиі жазылатындарын атап өтті.

"Басқа жігіт таппай қалдың ба, өкінесің, ертең ажырасып кетесің, ақша үшін шықтың ба? деген секілді сөздерді айтады. Басында ашуландым, кішкене көңілге тиетіндері болды. Жауап қайтарып жүрдім, одан кейін елемеуге тырыстық. Адамдардың аузына қақпақ бола алмаймыз", - дейді ақтөбелік ару.

Ал Ғалымжан желідегі кекетіп-мұқатқан пікірге мән бермейтінін айтады.

"Ондай пікірді үйде отырып еріккен, жүрегінде иманы жоқ адамдар жазады деп ойлаймын", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955498-boiyna-qaramastan-erekse-zigitke-suiip-qosylgan-aqtobelik-aru-kopti-mazalagan-suraqqa-zauap-berdi-video/

pixel