Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында бірнеше пәтер ұрлығына қатысы бар ер адам ұсталды

Опубликовано:

Қолынан кісен салынған ер адам
Көрнекі фото: piqsels.com

Түркістан облысында бірнеше пәтер ұрлығына қатысы бар ер адам ұсталды, деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, белгісіз біреулер тұрғын-үйінің темір есігін сындырып, ұрлыққа түскенін жеткізген.

Ер адамның айтуынша, үйінен құны әр біреуі 18 мың теңге тұратын алты жылытқыш батареялары мен 100 мың теңге тұратын пеш, құны 30 мың теңге болатын тоңазытқыш маторы жымқырылған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 300 мың теңгеден асады.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері бірден Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды.

Орын алған ұрлық қылмысын ашып, күдіктіні ұстау мақсатында полицейлер жан-жақты іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, осы іске қатысты Кентау қаласының тұрғыны ұсталды.

Белгілі болғандай, күдікті оңай жолмен пайда табу мақсатында ешкім жоқ, кіруге оңай үйге ұрлыққа түскен. Ұрланған жылыту құрылғыларын темір қабылдайтын орынға 15 мың теңге шамасындағы ақшаға өткізіп кеткен.

Сондай-ақ, күдіктінің жалпы осындай ұрлық қылмысының төрт жайтына қатысы бары анықталды. Жалпы жәбірленушілерге келтірілген шығын миллионға жуықтады. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Күдікті қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955553-turkistan-oblysynda-birnese-pater-urlygyna-qatysy-bar-er-adam-ustaldy/

pixel