Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда көлік басқарған әйел 5 жасар бала мен анасын қағып кетті

Опубликовано:

1
Видеодан кадр: Lada.kz

10 ақпан күні Ақтау қаласының 17-ықшамауданында болған жол апаты видеоға түсіп қалды. Жол-көлік оқиғасына қатысты Маңғыстау облысы полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды Lada.kz.

Кадрлардан көлік жүргізугісі артқа жүрген уақытта ересек адаммен бірге жаяу жүргіншілер жолында кетіп бара жатқан баланы қағып кеткенін аңғаруға болады.

Өңірлік ПД дерегінше, сағат 13.20-да Ақтау полиция басқармасының "102" пультіне 17-ықшамаудандағы жол апатына қатысты қоңырау түскен.

Тәртіп сақшылары Chevrolet Aveo рөліндегі әйел анасы мен бес жасар ұлын жаяу жүргіншілер жолында қағып кеткенін анықтады. Көлік жүргізушісі алға жүрудің орнына артқа кетіп қалған.

"Анасы мен баласы Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Баланың жағдайы тұрақты, өздігінше жүре алады. Тергеу жүріп жатыр", - деді полиция департаментінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1955564-aqtauda-kolik-basqargan-aiel-5-zasar-bala-men-anasyn-qagyp-ketti/

pixel