Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Air Astana қызметкерлері төмен жалақыға байланысты митингке шықпақ

Опубликовано:

ұшақ
Көрнекі фото: pixabay.com

Air Astana әуе компаниясының қызметкерлері еңбек жағдайларына байланысты митингке шығуға дайын, олар төмен жалақыға наразы. Мұндай ақпарат БАҚ беттерінде тарала бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Компания аталған жайтқа қатысты пікір білдірді.

"Air Astana соңғы екі жыл ішінде пандемияға қарамастан, қаржылық тұрақтылықты және жұмыс орындарын сақтау үшін бар күшін салып жатыр. Air Astana осы саладағы көптеген компанияға қарағанда қызметкерлердің қысқаруын болдырмады", - делінген хабарламада.

Әуе тасымалдаушы өкілдері компания 2021 жылдың екінші жартыжылдығында күтілген уақыттан ертерек қалыпқа келгенін айтты. Алайда, олар қызметкерлердің жалақыға көңілі толмауы инфляцияның артуына байланысты деп отыр.

"Осыны ескере отырып, әуе компаниясы өткен жылдың шілдесінен бастап қызметкерлердің жалақысын түзетуге тырысуда. Бортсеріктердің, жердегі қызмет агенттерінің және клининг қызметкерлерінің жалақысы қайта қаралды.

Қазіргі уақытта жолаушыларды ақпараттандыру және қызмет көрсету орталығының механиктері мен агенттерінің жалақысы қайта қаралып жатыр. Сонымен қатар, әуе компаниясының 2021 жылғы жақсы нәтижелерінің арқасында барлық қызметкерге осы жылдың 25 ақпанына дейін компанияның пайдасынан бонус төлеу туралы мәлім болды.

Әуе компаниясындағы барлық дау кәсіподақтардың қатысуымен келіссөздер арқылы шешіледі", - деп қорытындылады Air Astana.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955574-baq-air-astana-qyzmetkerleri-tomen-zalaqyga-bailanysty-mitingke-syqpaq/

pixel