Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мешітте телефон ұрлады деген күдікке ілінген шымкенттік азамат ұсталды

Опубликовано:

Телефон
Көрнекі фото: pxhere.com

Шымкент қаласының полиция қызметкерлері мешітте ұялы телефон ұрлады деген күдікпен ер адамды қолға түсірді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, мешітте сырт киімінің қалтасынан әлдекім ұялы телефонын алып кеткенін айтқан.

Шығын сомасы 158 мың теңгені құрағаны белгілі болды.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты қылмыстық кодекстің 188-бабымен ("Ұрлық") тіркеп, жедел-іздестіру жұмыстарына кіріскен.

Олар мешітке жақын аймақтар мұқият тексеріп, бейнебақылау камераларын қарағанын хабарлады. Нәтижесінде, бір тәулік ішінде ұрлық жасады деп күдікке ілінген ер адам анықталып, басқармаға жеткізілді, дейді полицейлер.

Ол 29 жастағы жергілікті тұрғын болып шыққан. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955636-mesitte-telefon-urlady-degen-kudikpen-symkenttik-azamat-ustaldy/

pixel