Атырауда ауылдасын айуандықпен өлтірді деген күдікпен бір топ адам сотталып жатыр
Опубликовано:

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Индер ауданы Есбол ауылының 30 жастағы тұрғыны Азамат Қалбағатаевтың өліміне қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қайғылы жағдай былтыр 8 тамызда болған. Азамат Қалбағаевты бір топ жігіт алдап шақырып, ауыл шетіне алып кеткен. Ол жерде темір арматураны қолданып, асқан қатыгездікпен қанжоса қылып сабаған. Аяқ-қолы сынып, басы жарылған.
Азаматты ауыл адамдары тауып алып, ауруханаға апарған. Бірақ жігіт есін жимастан аурухананың қабылдау бөлмесінде көз жұмады.
Қылмыстық іс Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 7-тармағы ("Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша адам өлтіру") бойынша тергеліп, сотқа жіберілді.
Айып орындығында 8 адам отыр. Олар 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955639-atyrauda-bir-top-adam-auyldasyn-aiuandyqpen-oltirgen/