Коронавирус пен пневмониядан бір күнде 20 адам көз жұмды
Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирус пен пневмониядан көз жұмғандардың статистикасын жариялады.
10 ақпан күнгі мәлімет бойынша Қазақстан аумағында 16 сырқат - коронавирустан, тағы 4 адам - пневмониядан көз жұмды.
Айта кетейік, Қазақстанда тағы 2 498 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Олардың дені Қарағанды облысы мен Алматы қаласынан.
Осылайша, жалпы ел бойынша C0VID-19 жұқтырғандардың саны 1 285 669-ға жетті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955660-koronavirus-pen-pnevmoniyadan-bir-kunde-20-adam-koz-zumdy/