Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Танысынан 75 млн теңге қарыз алған": Полицейлер жұмбақ жағдайда жоғалған түркістандықты тапты

Опубликовано:

Наушникпен тұр
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысы Леңгір қаласының тұрғыны 30 жастағы баласының жоғалып кеткенін айтып, полицияға арыз жазған. Әйел ұлын өз бетінше төрт күн бойы іздепті. Алайда еш нәтиже бермеген соң, тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Түркістан облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Әйелдің сөзінше, ұлы үйінен белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған.

Төлеби аудандық полиция басқармасының қызметкерлері хабарлама түсе салысымен оқиға орнына жеткенін мәлімдеді.

Тәртіп сақшылары жоғалып кеткен ер адамды табу үшін жүйелі жұмыс істеген.

Олардың қала көшелерін тексеріп, тұрғындар арасында сұрастыру жұмыстарын жасағаны белгілі болды.

Полицейлер ер адамның баруы мүмкін жерлерінің бәрін тексерген. Жалпы оны іздеуге бір апта уақыт кетіпті.

Түркістан полицейлері жоғалған жігітті Алматы қаласынан тапқанын хабарлады.

Тәртіп сақшыларының дерегінше, ер адам өзінің таныстарынан 75 миллион теңге қарызға алып, ақшаны құмар ойынға жұмсап жіберген.

Ол қомақты қаржыны қайтара алмағандықтан, оңтүстік астанаға қашып кеткенін жеткізген.

Айта кетейік, іздеу жұмыстарына жергілікті полиция қызметінің учаскелік полициясы, жедел уәкілдер мен патрульдік полицейлер жұмылдырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955663-tanysynan-75-mln-tenge-qaryz-algan-turkistandyq-belgisiz-zagdaida-zogalyp-ketti/

pixel