Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде көлік жүргізушілері үшін жағымды жаңалық жарияланды

Опубликовано:

Көлік
Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде сақтандыру жағдайын реттеудің жеңілдетілген тәртібін енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, халықаралық практикада сақтандыру жағдайын реттеудің жеңілдетілген тәртібі кең таралған, ол еурохаттама ретінде барынша белгілі.

Қазіргі кезде еурохаттама Еуропаның көптеген елдерінде және ТМД-ның Ресей, Беларусь, Украина, Армения, Өзбекстан сияқты бірқатар елдерінде ұсынылған.  

Еурохаттамаға сәйкес, жол-көлік оқиғасы туралы құжаттар жеңілдетілген түрде ресімделеді, ондай ресімдеу жол полициясының қызметкерлері қатыспай және сот шешімі шығарылмай жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта елімізде сақтандыру төлемін алу үшін жол көлік оқиғасының қатысушылары полиция қызметкерлерінің келуін күтеді, хаттамаларды толтырады және сот шешімін күтеді. Көбінесе бұл процесс екі айға жуық уақытты алады.

Сақтандыру нарығын дамыту жөніндегі заң жобасын қарау барысында мәжіліс депутаттары еурохаттама қағидаты бойынша ұсақ жол көлік оқиғасы кезінде сақтандыру төлемін алу тәртібін жеңілдету туралы мәселені көтерді.

Мәжіліс депутаттары қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстанда еурохаттаманы енгізу үшін қажетті заңнамалық нормаларды дайындау жұмыстарын жүргізді.

Сақтандыру жағдайын реттеудің қолданыстағы тәртібімен қатар:

  • екі көліктің ғана соқтығысуы;
  • жол-көлік оқиғасы кезінде көлік құралдарына ғана зиян келуі (адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіру және үшінші тұлғалардың мүлкін зақымдау болмау міндетті);
  • сақтандыру полисінің болуы;
  • екі көлік жүргізушінің өзара келісуі;
  • сақтандыру төлемі 100 АЕК-тен (306 мың теңгеден) аспауы.

Барлық өтініш бірыңғай сақтандыру дерекқорының мобильдік қосымшасы арқылы жіберіледі.

"Еурохаттаманы енгізу сақтандыру төлемдерін алуды жеңілдетуге, бірыңғай мобильдік қосымшаны пайдалана отырып бүкіл процесті цифрландыруды қамтамасыз етуге, жол көлік оқиғасын ресімдеу кезінде жолдарда кептелістердің пайда болу санын азайтуға мүмкіндік береді", - делінген қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955687-elimizde-kolik-zurgizusileri-usin-zagymdy-zanalyq-paida-boldy/

pixel