Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да аяз салдарынан бірінші ауысымдағы 1-4 сыныптар онлайн оқиды

Опубликовано:

Оқу ордасы
Көрнекі фото: pxhere.com

Өскемен мен Семей қалаларында аяз салдарынан бірінші ауысымдағы 1-4 сыныптар онлайн оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 12 ақпанда ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда аязға байланысты екі қаладағы бірінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары онлайн форматта оқитын болды.

"Семей мен Өскемен қалаларында ауа температурасының -28 градусқа төмендеуіне байланысты бастауыш сыныптар мектепке бармайды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, кеше де күннің күрт суытуына байланысты Шығыс Қазақстандағы бірнеше қала, ауданда оқушылар онлайн форматта оқыған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955783-sqo-da-ayaz-saldarynan-birinsi-auysymdagy-1-4-synyptar-onlain-oqidy/

pixel