jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

"Өз меншігімді тартып алды": Түркістан тұрғыны нан тауып отырған қоймасы жайлы жанайқайын айтты

Қойма
Фото: Azattyq ruhy

Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар көкөніс сақтайтын қойма жабылып қалуы мүмкін. Тек қойма ғана емес, сол маңдағы тұрғын үйлердің иелері де баспанасыз қалмақ, деп хабарлайды "Azattyq ruhy" басылымы.

"Менің мына 30 соттық жердегі ғимаратым үкіметтің қаулысы бойынша шыққан бағдарлама аясында ашылған. Бұл – халықты маңызы бар азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін салынған әлеуметтік маңызы бар нысан. 2016 жылдан бастап осы жұмыспен айналыстық. Бірақ міне, аяқ астынан жердің қожайыны шығып, шетімізден сотқа сүйреп жатыр", - деді кәсіпкер Равшан Акбарұлы.

Ал жерін қайтармақ болып отырған "Тазалық" серіктестігі 30 соттық жерді осыдан 18 жыл бұрын 49 жылға жалға алған. ЖШС директоры 37 гектарды дауламай, тек 2,5 гектар аумақты қайтарсам болды деп отыр. Айтуынша, өзі үш ай демалуға кеткенде адамдар ғимараттарды салып алған.

Қойма
Фото: Azattyq ruhy

"Олардың құжаттары бойынша жерлері басқа жерде. Кадастрдың қателігі. Мен үш ай демалысқа кетсем жеріме үй, бизнес нысандары түсіп кетіпті. Бірақ 26 үй жоқ ол жерде. Біз көшет өсіріп, сатумен айналысамыз. Менің мекенжайым 38-орам, олардікі 182-көше",- дейді "Тазалық" ЖШС директоры Мақсұт Бекжанов.

Кәсіпкер Равшан Акбарұлы екі қабатты, 600 шаршы метрлік ғимаратты салуға ағайындарымен бірігіп 100 миллион теңгеден астам қаржы жұмсаған екен. Жетпеген соң 20 миллион теңге несие де алыпты.

Онда терможабдық, қалыпты температураны сақтайтын арнайы аппараттар қойылған. Астыңғы қабатына картоп, сәбіз, қырыққабат, қызылша сынды көкеністер, үстіңгі жағына алма, өрік сынды көптеген жеміс түрлері сақталады.

"Өз меншігімді тартып алды": Түркістан тұрғыны нан тауып отырған қоймасы жайлы жанайқайын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.