Екібастұзда балабақша меңгерушісі мен бухгалтері өздеріне миллиондап ақаша аударып алған
Жарияланған күні:
Екібастұзда балабақша қызметкерлері бір жылда өз жалақыларын көтеріп, банк карталарына өзіне тиесілі ақшадан артық сома аударып отырған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Павлодар облыстық ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған фактіге қатысты екі әйелге айыптау үкімі шықты. Оған сәйкес, балабақша меңгерушісі мен бухгалтер бір жыл ішінде өз жалақысына 7 млн теңге қосып алған.
Екеуі де бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін аса ірі мөлшерде ысырап еткені немесе жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Бұрынғы бухгалтер пробациялық бақылау орнату арқылы 2,5 жыл бас бостандығын шектеу жазасын алды. Экс-басшы да кінәлі деп танылды, бірақ оған жазасын өтеу мерзімін ұзарту берілді. Бұл оның кәмелетке толмаған үш бала тәрбиелеп отырғанына байланысты.
"Осы санаттағы тұлғаларды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, пробация қызметінің инспекторлары тұрғылықты жері бойынша тексеру кезінде үнемі әңгімелесу жүргізіп отырады. Олар мемлекетке келтірілген шығынды өтейді", - деді Екібастұз пробация қызметінің аға инспекторы Лаура Суханова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956068-ekibastuzda-balabaqsa-mengerusisi-men-buxgalteri-ozderine-milliondap-aqasa-audaryp-algan/